Созақ аудандық орталық ауруханасы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастыратын, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, мектеп медицинасы бойынша қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ТМККК шеңберінде балалар мен ересектерге консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.
Профилактикалық қызметтер:
- профилактикалық тексерулер
- иммундау
- профилактикалық емдеу
- санитарлық-гигиеналық
- эпидемияға қарсы іс-шаралар
- қауіпсіз сумен жабдықтау және тиімді тамақтану бойынша түсіндіру жұмысы
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша түсіндіру жұмысы.
Диагностикалық қызметтер:
- БМСК маманының қарауы
- бейінді мамандардың қарауы
- аспап арқылы зерттеулер
- зертханалық зерттеулер
Емдеу қызметтері:
- шұғыл көмек көрсету
- стационарда емдеу
- жоспарлы емдік манипуляциялар.
Созақ аудандық орталық ауруханасының бөлімшелері:
- Күндізгі стационар
- Учаскелік қызмет бөлімшесі
- Педиатрия учаскесі
- Акушерлік-гинекологиялық кеңес беру
- Мамандандырылған жәрдем бөлімшесі
- Қызметтік диагностика бөлімі
- Консультациялық-диагностикалық бөлімше
- Қызметтік диагностика бөлімі
- Клиникалық-диагностикалық зертхана
- Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
- Пациенттерді қолдау қызметі