Біз туралы

Созақ аудандық орталық ауруханасы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастыратын, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, мектеп медицинасы бойынша қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ТМККК шеңберінде балалар мен ересектерге консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Профилактикалық қызметтер:

  • профилактикалық тексерулер 
  • иммундау
  • профилактикалық емдеу
  • санитарлық-гигиеналық
  • эпидемияға қарсы іс-шаралар
  • қауіпсіз сумен жабдықтау және тиімді тамақтану бойынша түсіндіру жұмысы
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша түсіндіру жұмысы. 

Диагностикалық қызметтер:

  • БМСК маманының қарауы
  • бейінді мамандардың қарауы
  • аспап арқылы зерттеулер
  • зертханалық зерттеулер

Емдеу қызметтері:

  • шұғыл көмек көрсету
  • стационарда емдеу
  • жоспарлы емдік манипуляциялар.

Созақ аудандық орталық ауруханасының бөлімшелері:

  • Күндізгі стационар
  • Учаскелік қызмет бөлімшесі
  • Педиатрия учаскесі 
  • Акушерлік-гинекологиялық кеңес беру
  • Мамандандырылған жәрдем бөлімшесі
  • Қызметтік диагностика бөлімі 
  • Консультациялық-диагностикалық бөлімше
  • Қызметтік диагностика бөлімі
  • Клиникалық-диагностикалық зертхана
  • Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі 
  • Пациенттерді қолдау қызметі